Аннотация
Белгілі жазушы Сафуан Шаймерденовтың қалам туындылары қалың оқушыға көптен мәлім. Бұл ұсынылып отырған кітапқа автордың соңғы соны туындысы - «Ашу» повесі, «Селдің екпіні» әңгімесі және де ертеректе, әр жылдары жазылған повесть, әңгімелері енген. «Ашу» повесінде бүгінгі адамдар тұрмысы мен болмыс-бітімі әр қырынан, әсерлі шыншылдықпен бейнеленген. Шығарма әлеуметтік мәні үлкен, оқушысына ой тастар, толғантар сәтті де оралымды сюжетке құрылған.
