Аннотация
Халықтың зор құрметіне бөленген Сәбеңнің – Сәбит Мұқановтың сүйікті жары Мәриям Қожахметқызы Мұқанованың естелігі 1993 жылы «Менің Сәбитім» деген кітапша болып жарық көрген еді. Биыл жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен аталып өтіп жатқан тұста естелік толықтырылып, өңделіп, қайта шығарылып отыр.
