Аннотация
Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы перзенті, нәзік сезімнің, тәтті қиялдын ақыны Мағжан Жұмабаев - поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның өзіндік үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін XX ғасырдын басында-ақ Европа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Бұл оның ішкі шығармашылық құдіретінің барынша зор, куатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты болғанын дәлелдейді. Оның құпиясы әлі толық ашылған жоқ. Демек, Мағжанды, оның артына қалдырған мұраларын зерттеу жалғаса бермек. Назарларынызға ұсынылып отырған эссе осындай ұмтылыстан туған шығарма.
