Аннотация
Халқымыз сүйген қаламгер, қазақ совет әдебиетінің классигі С. Мұқанов творчествосының тағылымды жақтарынан сыр шертер бұл кітапқа әдебиетіміздің негізін қалаушы М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин сынды қаламдас-тұстастарынан бастап, Одақ көлеміндегі айтулы сөз зергерлерінің әдеби-сын мақалалары еніп отыр. Әдебиетіміздің барлық жанрында бірдей қалам тербеген сарабдал жазушымыздың әдеби ізденістеріне, яғни творчестволық лабораториясына жете үңілген ғылыми мақалалар жинақтың құнын арттыра түсетіні сөзсіз.
