Аннотация
«Нартұлға» сериясымен жарық көріп отырған бұл еңбек Сәбит Мұқановтай даңқты да дара тұлғаның адами бітім-болмысы мен азаматтық келбетін айшықтауға арналған. Кітап авторы, көрнекті ғалым, білікті әдебиет зерттеушісі, белгілі сыншы Т. Кәкішұлы өз кейіпкерімен етене аралас, рухани сырлас болғаны арқасында оның барша өмір жолын, шығармашылық ерен еңбегін терең талдап, жан-жақты зерттеп, әділ бағасын береді.
Кітапта тың деректермен бірге, Сәбеңдей тарихи тұлғаның бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік өмірімізде алатын орны туралы соны көзқарастар да баршылық.
Еңбек ұлтымыздың айтулы перзенті туралы неғұрлым тереңірек танып-білуге ұмтылған әр оқырманның кәдесіне жарайды деген сенімдеміз.
