Аннотация
Қазақтың классик жазушысы, академик Сәбит Мұқановтың ғылыми зерттеулері монографиялық тұрғыдан бұрын-соңды зерттелінбей келген еді. Қазақ әдебиеттану ғылымында Сәбиттану ілімі жазушылық, көркемдік, поэзия, проза жанрларындағы ұлы табыстары жайында жазылған еңбектер, жасалған зерттеулер мол болғанымен, ғұлама ғалымдығы жан-жақты зерттелінбеген.
Автор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде Сәбиттану арнайы курсын оқыту барысында осы олқылықтың орнын толықтыру қажет деп тауып, бұл монографияны қалың оқушы жұртшылыққа, жоғары және мектептің мұғалімдеріне, оқытушы ұстаздарына, талапкер жастар мен студенттерге ұсынып отыр.
