Аннотация
Қазақстандық орыс жазушысы Иван Шухов - өзінің "Қасірет белдеуі", "Өшпенділік" сияқты кесек романдарымен де, повестерімен де, шағын хикаяттарымен де оқырмандарын баурап, әдебиет тарихынан өшпес орын алған көркемсөз шеберлерінің бірі.
Шухов шығармаларынын ішінде шоқтығы биіктерінің қатарында "Преснов хикаялары" да бар. "Қоңырау", "Желкілдеген жас құрақ" хикаяттарында өңіріміздің өткені, қазақтар өмірі бейнеленсе, сонғы үшінші туындысында ұлы ағартушылар, жиһангездер Шоқан Уәлиханов пен Григорий Потаниннің ғұмырбаяны суреттеледі.
"Преснов хикаялары" үшін Иван Петрович Шухов Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
