Аннотация
Бұл жинаққа қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салыковтың «Халық каһарманы», Кеңестер Одағының халық артисі, әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевке арнаған поэмасы мен өлеңдері кіріп отыр. Көңілдегі медеттің үлкені Кәкімбектің «Отырар сазы» атты ақындық репортаж-дастанын және көптеген өлеңдерін Нұр-ағаң кезінде оқып қанық болды. Жинаққа алғы сөз ретінде академик Мұхаметжан Қаратаевтың дәл сол кезде оки сала жазған мақаласын беруді жөн көрдік. Бұл кітап ағаға деген інілік ізет қана емес, ел жүрегінің бір лүпіліндей барша қазақтың Нұрғиса Тілендиевіне деген алғысы мен мақтанышы іспеттес жүкті атқара алады деп сенеміз.
