Аннотация
Бұл монографияда Шәңгерей мен Мақыш, Шәкәрім поэзияларындағы символизмнің Мағжан поэзиясында шарықтау шыңға көтерілгені жүйелі дәлелденеді. Мағжанның қазақ әдебиетіндегі дараланып көрінген әдеби әдісі ашылып, оған ықпал еткен арналар анықталады. Сондай-ақ талас тудырып келген Сәкен поэзиясымен ара салмағы сараланады. Сөйтіп XX ғ. басындағы әдебиеттің бүгінге дейін белгісіз болып келген қырлары айқындалып, оған жаңаша баға береді.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына, мұғалімдерге көмекші оқу құралы ретінде ұсынылады. Әдебиетті білуге құштар әлеумет үшін де пайдасы зор.
