Аннотация
Мағжан Жұмабаев – өз шығармаларымен қазақ әдебиетін жаңа бір асуға шығарып, әлемдік кеңістікке жол салған, шашасына шаң жұқтырмаған жыр жүйрігі, сұлу сөз, кестелі ойдан күмбез қалаған нағыз дарын иесі. Бұл кітапқа сөзі қуатты, жыры шуақты жыр дауылпазының өмірі мен шығармашылық қызметі, әдеби мұрасы туралы әр жылдары жазылған материалдар топтастырылған.
