Аннотация
Әдеби сынға елеулі үлес қосқан марқұм Айқын Нұрқатовтың бұл кітабының жартысына жуығын қамтыған алғашқы алты мақала М. Әуезов сынды ұлы жазушымыздың сан-салалы творчествосын талдауға арналған. Бұлардың бірінде үлкен суреткердің қаламалды шығармалары, екіншісінде ұлы жазушының ұланғайыр эпопеясы, үшіншісінде шебер драматургтігі... сөз болады.
Ал, «Білгенге маржан...» атты екінші бір көлемді зерттеуде Абай творчествосы, поэзиядағы Абай дәстүрі әңгімеленеді. Абай сынды айтулы ақынның творчествосымен жете таныс адамның өзі айтылмыш мақаланы оқығанда сезім сұлулығына бөленіп, ұлы ақын жайлы ұлағатты ойлар түйеді. Шоқан жайлы жазылған «Ғасыр перзенті» атты мақала да осы рухтас. Бірқатар мақалаларда қазақ әдебиетінің келелі мәселелері кеңінен сөз болады.
