Аннотация
Қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбит Мұқановтың асыл бейнесі оның өмірі мен шығармашылығына тәнті болған замандас жыр жүйріктерінің, қарапайым оқырмандарының арнау өлеңдерінен де көрініс тапқан. Жинаққа топтастырылған өлеңдер әр жылдарда, әр кезеңдерде жазылған. Уақыттың табы, заманның лебі, мезгілдің бояуы бар.
