📚 Книга
Гәкку: Өлеңдер
Аннотация
Қазақтың ұлы композиторы, әйгілі ақын-әншісі Үкілі Ыбырайдың он жинақтары бүрым жарық қорсе де, өлеңдері мен айтыстары және толғаулары бас құрасып, жеке кітап түрінде бірінші рет жарық көріп отыр. Баспада бар еңбектеріне қоса жинақты толықтыруға М. Тырбиевтің, Қ. Жантілеуовтың, М. Асаиновтың, А. Салықовтың архивтік материалдары, С.А. Қүлмағамбет пен М. Сәркенқызының еңбектері пайдаланылды. Кей өлеңдердің сөздерін анықтауға кезінде Ыбырайдың өз баласы Есеп ақсақалдың қолқабысы тиіпті. Жинақты құрастырушы қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықов өзінің үзақ жылдар сақтап жүрген дүниелерін лайықты түрде пайдаланып отыр.
Жинақта Үкілі Ыбырайдың талай-талай өлеңдері тұңғыш рет ел қолына тимек. "Халық жауы" атанып Кеңестік зобалаң кезінде атылып кеткен ақтангер ақынның қолда бар поэзиялық еңбектері ғана беріліп отыр. Осы жолғы жүйеде атақты ақын, дүлдүл композитордың шығармаларының толық жинағын шығару болашақтың борышы. Алтын мұра дегеніміз де осы шығар, толықтыра берейік.
Бұл жинақтың жарық коруіне демеушілік еткен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мапсұровқа алғыс айтамыз.
О книге
Онлайн-просмотр
Гәкку: Өлеңдер
Нажмите «Читать», чтобы открыть материал прямо на сайте.
