📚 Книга
Екі томдық таңдамалы шығармалар 1-ші том: Роман және повестер
Аннотация
Талантты, танымал жазушы Сафуан Шаймерденовтің екі томдық таңдамалы жинағының алғашқы кітабына «Инеш» романы, «Мезгіл» және «Өмір нұры» деген повестері енді.
«Инеш» - студенттер туралы, ғалымдар жайлы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман, оқушы қауымға көптен танымал туынды. Оқиға соғыстан кейінгі жылдары өтеді. Шығарманың негізгі кейіпкерлері - Қазақтың Мемлекеттік университстінің студенттері. Автор оқырман қауымды қырықыншы жылдардың аяғы, елуінші жылдардың басында жоғарғы оқу орнының төрінен орын алып, өзіндік ой-арманымен, ізденіс-талпыныстарымен бірсгей тіршілік кешкен жас интеллигенция өміріне куәгер етеді. «Мезгіл» повесінде жазушы кен инженері. Мезгілдің қиыншылықпен өткен балалық шағын үлкен тебіреніспен суреттеп, кейіпкерлерінің көңіл-күйінің қалтарысына терең бойлайды. Шығарма орыс, татар, тәжік, өзбек тілдерінде де оқырман қауымға кеңінен таныс.
«Өмір нұры» атты повесінде автор мораль мәселесін қозғап, осы күнгі қаладағы шағын семья, от басының жауапкершілігі, жұбайлық парыз секілді мәселелерге суреткерлік жіті көз жүгіртеді.
О книге
Онлайн-просмотр
Екі томдық таңдамалы шығармалар 1-ші том: Роман және повестер
Нажмите «Читать», чтобы открыть материал прямо на сайте.
