Аннотация
Қазақ өлеңінің кешегі, бүгінгі өскен өркені мен өрелі биігіне өлшем боларлық поэзия деп Ұлықбек ақынның ұлағатты шығармашылығын айтамыз. Әсіресе, оның осы томға еніп отырған «Киіз кітабы» ұлттық көркем сөз көкжиегіміздің әлемдік деңгейін де әдемі танытатын оқшау құбылыс екені ақиқат.
