Нет обложки
Аннотация
Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов бұл жинағында зор ағынды шабытпен Сәбит Мұқанов жайлы кең тебіренеді. Ұлы жазушы өмірінің қыры мен сырын ұшқыр ой, терең сезіммен танытады. Ағалардың Сәбең жайлы айтқандары мен кейінгі ұрпақ һәм көзкөрген жерлестер естеліктерінің ең шұрайлы деген тұстарын өлең етіп, сом тұлғаның зор бейнесін поэзия тілінде берген. Заман сырын осы күндермен байланыстыра отырып, қоғамдағы құбылыстарды келісті қамтыған. Соның бәрі асыл ағаның дарқан дарыны мен жан-жақты табысын аша түсуге арналған. Оқушы қауым қазақтың кемеңгер ұлына лайықты туған кемел жырдың кәусар бұлағынан сүйсіне сусындайтынына кәміл сенеміз.
