Аннотация
Бұл жинақта қазақтың көрнекті ақыны, Қзақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың қазақтың ұлы ғалымы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қ. И, Сәтбаевқа арнаған өлеңдері мен поэмалары топталған. Ақын атағы жер бетіне әйгілі ғалымның өмірі мен еңбектерін зерттеп, талай шығармаларын ел қолына жеткізсе, бұл жолы өлеңдері мен де поэмалары Қаныштың өскен ортасын, өнеге алған ұстаздарын, қатар өскен қанаттастарын сипаттап, шәкірттерімен сырласа біаген. Қаныштың ата, анасы мен бүкіл әулетін қамтып, ел перзентінің өз бейнесін толық қамту жолында бұрын-соңды айтылмаған ақтаңдақтарды да ретті ашқан. Қызғылықты өлндер мен поэмалар әлемге аты шыққан ғұламның сан қилы дарындылығын жатық тілмен айқын суреттеген. Кітаптың композициялық құрлымы тартымды жасалған. Келелі ой мен келісті поэзия өз мақсатын әбден орындап тұр. Оқушы қауымның жүрегінен бұл жинақтың жылы орын аларына еш күмән келтірмейміз. Сәт тілейміз.
