📚 Книга

Бес томдық шығармалар жинағы 3-ші том: Шоқан Уәлиханов. Шакарим Кудайбердиев

Издательство
Жанр / Категория
Место издания Астана
Год издания 2013
Страниц 320
Экземпляров 3 шт.
Библиогр. описание Сәтбаева, Шәмшиябану Қанышқызы. Бес томдық шығармалар жинағы 3-ші том: Шоқан Уәлиханов. Шакарим Кудайбердиев / Ш.Қ. Сәтбаева ; Құраст. Тілепов Ж., Түсіпова А., Батырбеков Е. – Астана : Елорда, 2011.- 320 бет.

Аннотация

Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен көпғасырлық өзара байланыстарын зерделеу арқылы ол әлемдік мәдениеттің жауһарларымен жақындастығын танытты. Ш. Қ. Сәтбаеваның ғажайып филологиялық білімінің, қазақ және орыс сөздерінің мәнін тереңінен ұғынып-түйсінуінің нәтижесінде Қазақстанда көркем аударма жөніндегі ғылым едәуір байи түскенін айта кеткен жөн.
Қазақтың аса көрнекті ғалымы, ағартушысы Ш. Уәлихановтың және ұлтымыздың біртуар ойшылы Шәкәрім Құдайбердиевтің мол әдеби, философиялық мұраларын жан-жақты зерттеп, зерделеп оқырмандарға жеткізуге Ш. Сәтбаева зор еңбек етті.
Өткен ғасырдың 80-жылдары есімдері тарих көмбесінде көмулі жатқан Шәкәрім, Мағжан, Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек рухтары халқымызбен қайта қауышқан тұста Шәмшиябану Қанышқызы осы іргелі шараға зор үлес қосты.
Зерттеуші-ғалымның өрнегі өзгеше, қайталанбас жазу стилі оның монографиялары мен кітаптарынан айқын аңғарылады. Ш. Қ. Сәтбаева біздің жадымызда өндірте жазып, өнімді еңбек етудің өнегесі ретінде сақталып қалды.

О книге