Аннотация
Жинаққа енген жазушының детективтік шығармалары өзінің шытырман оқиғаларымен оқырманын еліктіріп әкетеді. Әрі автор шырғалаң оқиғаларды біржақты жалаң қызықтап кетпей, өзіндік мән-мағыналы ой қозғайды. Туындыларды оқып отырып, ел үрке қарайтын қылмыс атаулының кездейсоқ жасалмайтындығына көзің жетеді. Шығармаларда әлеуметтік жүк, тағылымдық нәр бар. Жалпы, қаламгер өзінің барлық туындыларында жас өрендердің психологиясына жан-жақты назар аударып, олардың азамат ретінде көзқарастарының орнығуына ерекше көңіл бөледі.
