Аннотация
Шығармада Бату атты бала мен оның достарының басынан кешкен оқиғалары негізінде, ертегі-аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген. Шым-шытырық оқиғалар жанрында жазылған хикаят жас жеткіншек оқырмандарды қызықтырып, қиялына қанат бітіретін тартымдылығымен баурайды.
