Аннотация
Қазақ әдебиетінің классигі, XX ғасырдағы сөз өнері алыптарының бірі Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романы алғаш рет 1931 жылы жарық көрген. Бұл туынды жазушының үлкен прозадағы тұңғышы болуымен қатар, қазақ қауымына аса кең танылған, қызу пікірталас тудырған, айтулы шығармалардың бірі болды. Кейіннен автордың заман ыңғайына лайықтап енгізген өзгертулерімен шыққан «Мөлдір махаббат» нұсқасында кезеңдік идеологияның бояулары басым болды. Роман кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Өмірлік материалдар негізінде көркемдік шындық өрілген. Бұл мәңгілік тақырып — махаббат трагедиясын суреттеген өлмес туынды.
