Аннотация
Қазақ кеңес әдебиетінің аса көрнекті зерттеушісі, сыншы, ғалым Айқын Нұрқатовтың әдеби мұрасы өте бай. Оның бұған дейінгі жарық көрген кітаптарымен оқырмандарымыз жақсы таныс. Ғалымның көзі тірісінде аяқтап, нүкте қойып кеткен мына еңбегі ұлы ақын Абай шығармашылығы жайлы ғылыми монография болып табылады. Ол бұл кітабында ақын мұрасын жан-жақты талдап, оған барынша терең, ғылыми баға берген.
