Аннотация
Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Кенші ақын», «Жезкиік ақын» атанған қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың бұл жинағына еліміздін ерен тұлғасы, тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының тас тұғырын қалап кеткен өз мектебі бар ғұлама тарихшы, өресі биік, өнегесі мол академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевқа арналған лирикалық шығармалары топтастырылды.
Ғалым өскен өлкені, өpic алған ортаны қамтыған жыр маржандары ардақты ғалым-азаматтың дарабоз бейнесін аша түседі. Ғұлама ғалым М. Қозыбаев жарты ғасырдан астам ұстаздық және ғылыми өмірін қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауға арнаса, жинақтын негізгі арнасы да сол бағытты ұстанған.
Ақын жүректін асыл досына деген сағынышы мен жан тынысы оқырман қауымды сүйсінтер деп сенсміз.
