Аннотация
Қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген ұлы ақындарымыздың бірі Мағжан Жұмабаев заманында саяси көзқарасы, ағартушылық қызметі, эстетикалық-философиялық ұстанымы өз дәрежесінде қанатын кең жая алса, ақыл-ойға басқаша бір өріс ашып, халқының қолына ерекше бір әлемнің кілтін ұстатқан болар еді. Бірақ тағдыр оған жазбады, ол қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Қолдарыңызға тиіп отырған кітапта Мағжан жырларымен бірге оның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректерге толы әдеби зерттеулер де топтастырылған.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
