📚 Книга

Ұлықбек, М. ТАРИХ-И АРБАЪА УЛУС (Төрт ұлыс тарихы)

Нет в наличии. Уточните у библиотекаря.

О книге

Мырза Ұлфқбектің «Төрт ұлыс тарихы» атты аса құнды бұл еңбегі 1425 жылы парсы тілінде жазылған. Бірақ әлем жұртшылығына ол тек XVII ғасырдан бері ғана белгілі болған, өзбек тіліне алғаш рет 1997 жылы аударылған. Ал оны 2025 жылы өзбек тілінен қазақ тіліне Зәріпбай Оразбай мен Уразбаев Ділмұрат аударып шықты.

Аталған кітапта түркі халықтарының әу бастағы шығу тегі, Шыңғыз хан империясының құрылуы мен оның төрт ұлысының тарихы, Шыңғыз хан мен Әмір Темір әулетінің туысқандығы, олардың түркілердің мұғултармағынан шыққандығы туралы нақты шежіресі, Әмір Темірдің билікке келу жолы, оның мемлекет басқару жүйесі, әскери жорықтары, тарихи жеңістері, мұсылмандық ұстанымы, түркі-мұсылман өркениетіне қосқан үлесі, ұрпақтарының билігі егжей-тегжейлі баяндалған.

Аудармашылардың пікірінше, бұл еңбек қазақ тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек түсінуге, түркіөркениетінің даму жолын саралауға мүмкіндік береді және түркі халықтарының тарихына жаңаша көзқарас қалыптастырып, Кеңес Одағы мен Батыс Еуропаның евроцентризтік идеологиялық ықпалына байланысты туындаған тарихи ақтаңдақтарды толтыруға көмектеседі.

Кітап қалын оқырмандарға, ғалымдарға, докторанттар мен магистранттарға және студенттерге арналады.