Аннотация
Поэзия - ақынның қан қысымы, жүрек қызуы десек, өмірден өткен өрелі қаламгер Е. Зікібаевтың келешек ұрпақтарға қалдырып кеткен мол мұрасы соның айқын көрінісі іспетті. Ол тірлігінің соңғы жылдарында тынымсыз іздену арқылы көркемдік қияларына шарқ ұра көтеріліп еді. Әсіресе, өмір мен өлім, махаббат пен ғадауат шарпыскан шақтардан туғандай сезілетін жырларынан айрықша қуат, шабытты рух лебі еседі. Соның бәрінде де Ел ертеңіне елең көңіл, өзі айтқандай «бір беті мұң, бір беті ән» ғұмырнамасынан өрнектеген адами-философиялық ой-толғамдар, жан толғаныстары мен тұнық ақыл, сергек сезім сүзгісінен өткен ғибрат бар.
