Аннотация
Ақын Төлеген Қажыбаевтың «Қарасай-дастан» жыр жинағына оның соңғы кездерде жазған өлеңдері топтастырылып отыр. Жинақтың аты әйгілеп тұрғандай халқымыздың қаһарман ұлдарының бірі атақты Қарасай батыр туралы дастанында қазақтың елі мен жері үшін жоңғар басқыншылырына қарсы күрес жолдары тартымды баяндалады, оның Ағынтай батырмен достығы сөз болады. Сондай-ақ жинаққа «Зауал» атты өлеңмен жазылған драмасы да еніп отыр. Онда автор халық бірлігін, ынтымақтастығын сөз етеді, мәңгүрттіктен бойды аулақ салып, жас еліміздің ұлы мұраттары жолында аянбай күш-қайрат жұмсауға үндейді.
Жинаққа енген алуан тақырыпқа арналған өлеңдерден ақынның өмірге көзқарасы, содан түйіндеген сырлары жарқын бой көрсетіп отырады.
