📚 Книга
Қарақамыс — Қапсыттар мекені
Аннотация
Бұл Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, СССР және Қазақстан журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР мәдениет қайраткері Амандық Жантеміровтің жетінші кітабы. Осы еңбегінде автор өзінің кіндік қаны тамған Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданындағы Қарақамыс ауылының тарихын кеңейтілген нұсқада ұсынып отыр. Сондай-ақ кітапқа осы ауылға байланысты қызықты оқиғалар, Керей руынан тараған Қапсыт-Самайдың толықтырылған шежіресі, жерлестеріміз, көркемсөз шеберлері - Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, партизан - жазушы Қасым Қайсенов, Қызылжар өңірінің кейбір тұғыры биік тұлғалары туралы естеліктері енгізілген. Автордың өзі еңбек еткен "Ленин туы" ("Солтүстік Қазақстан") газетінде жарық көрген мақалалары, ел тарихына байланыстары ой-толғаулары, бір әулеттен шыққан - үш құрметті азаматтың еліне, халқына сіңірген еңбегі және басқа да көптеген материалдары жарияланып отыр. Өкініштісі - Амандық Мырзахметұлы бұл еңбегін көзі тірісінде жарыққа шығарып үлгіре алмай кетті. Ағасының орындай алмаған ісін інісі Амантай Жантеміров қолға алып, жинақтап,толықтырып, баспаға ұсыныпты. Кітап өлкетанушылар мен қалың оқырман қауымына арналған.
О книге
Онлайн-просмотр
Қарақамыс — Қапсыттар мекені
Нажмите «Читать», чтобы открыть материал прямо на сайте.
