📚 Книга
Құлеке батыр және ұрпақтары
Аннотация
XVIII ғасырда өмір сүрген батыр бабамыз Құлеке батыр туралы көптеген құжаттар мен мәліметтер архив қорларында сақталған. Бұл жинаққа батырдың елін жаулардан қорғау жолындағы ерлік істері, сонымен бірге Абылай ханның сенімді серігі ретінде патшалық Ресеймен арадағы бітімгершілік қызметі туралы архив құжаттары жүйеленіп берілген. Сонымен бірге жинақта Құлеке батыр әулетінің шежіресі және оның туған жерінде өмір сүріп, қызмет еткен және бабалар ісін жалғастырып жатқан қазіргі ұрпақтары туралы баяндалған.
Өлкетанушы - зерттеушілердің, ақындардың мақалалары, өлеңдері, деректері де еңбектің мазмұнын толықтыра түскен.
Басылым қазақ тарихына, батыр бабалар өміріне, өлке тарихына ден қойған зерттеушілерге, ұстаздарға, оқушы жастарға, көпшілік қауымға арналған.
«Құлеке батыр және оның ұрпақтары» туралы дайындалған жинақ өлкетану саласына қосылатын өте маңызды, әрі өскелең ұрпаққа қажетті еңбек. Ресей архив қорларынан алынған құжаттар негізінде XVIII ғасырда өмір сүрген батыр бабаларымыз, олардың ішінде бірегейі болған Құлеке батыр туралы баға жетпес мәліметтер жинаққа арқау болған. Сонымен бірге Батыр бабамыз туралы жазылған мақалалар, оның ұрпақтарының шежіресіне байланысты қамтылған тараулар, қарастырылып отырған жинақтың маңызын арттыра түсетіні даусыз.
О книге
Онлайн-просмотр
Құлеке батыр және ұрпақтары
Нажмите «Читать», чтобы открыть материал прямо на сайте.
