Аннотация
Кітапқа қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық мұрасы, атап айтқанда, проза, драматургия саласындағы кесек туындылары туралы автордың әр жылдары жазылған әдеби-публицистикалық толғамдары енгізілді. Олардың кейбір тұстары қаламгердің жүз жылдық мерейтойына орайластырыла және тарихи жаңа дәуір тұрғысынан ішінара қайта қаралып толықтырылды.
Кітап Ғ. Мүсірепов талантына тәнті қалың оқырман қауымға арналады.
