День библиографии «Өлкетану. Әдебиет»

Өлкетану дегеніміз өзінің туған жерінің елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілі мен дінін, табиғатын тану мен зерттеу, оқып үйрену дегенді білдіреді. Өз туған өлкесі туралы оқырмандарға ақпарат беріп, тарихи, әдеби ұғымдарды қалыптастыру – кітапханашылардың міндеттерінің бірі. Осыны ескере отыра, біз бүгін сіздерді Солтүстік Қазақстан облысымен байланысты соңғы кезде түскен кітаптармен таныстырудамыз.

Басылымдардың ішінде «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық еңбек, «Петропавл қаласының тарих, архитектура және монументалды өнер ескерткіштері» библиографиялық құрал, Бексұлтан Нұржеке-ұлының «Қазақ батырлары» кітабы, Ерлан Төлеутайдың «Үкілі Ыбырай», Дандай Ысқақұлының «Мағжан – поэзия падишасы» әдеби еңбегі және т.б.