Центр «Мәдени мұра»

Положение о Центре «Мәдени мұра»
Клуб «Қаламгер»

«Мәдени мұра» орталығы қазақ халқының рухани мұрасын сақтау және кеңінен таныту, мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау мақсатында құрылды. Қазақ тіліндегі кандидаттық және докторлық диссертациялардың авторефераттар топтамасы белсенді толықтырылуда. Орталықтың өлкетану қоры – ірі ғылыми және мәдени құндылық болып табылады, өлкетану қорында 40 мыңға жуық кітап, альбом, 75 мерзімді басылым атауы, 500-ден астам авторефераттар бар. Мұнда Солтүстік Есіл өңірінің ғылымы, мәдениеті мен тарихының барлық салалары бойынша кітаптар, мерзімді басылымдар жинақталған. Бөлімнің оқырмандары – ЖОО, колледждердің оқытушылары, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар. Бөлім қызметкерлері қазақ тілін насихаттаумен белсенді түрде айналысып, көпшіллікке арналған шаралар: ақын-жазушылармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер, тұсаукесерлер, кештер мен көрмелер өткізеді. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда облыстық тілдерді дамыту департаменті, облыстық «Қазақ тілі» қоғамы үлкен көмек көрсетеді. Пайдаланушыларға тіл үйренуге көмектесетін аударма қызметтері, курстар, шаралар ұсынылады. Библиографиялық өлкетану каталогы, «Жерлес жазушылар» МБ құрылып, жүргізіледі.

Бөлім жанынан «Қаламгер» клубы жұмыс істейді, клубтың отырыстарына қаланың белгілі және құрметті азаматтары, «Асыл мұра» әдеби бірлестігінің мүшелері, шығармашылық зиялы қауым және жастар шақырылады.

Орталық басшысы – «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Әшімова Майра Тұрғынқызы.