«Бірге оқимыз». Тұрсын Гүлім жазушы Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесть туралы

2023 жылдың 17 қарашасы күні сағат 16.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Бірге оқимыз» онлайн жобасы аясында Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Гүлім Тұрсын көрнекті жазушы Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесі туралы баяндады.
Көрнекті жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қалихан Ысқақ қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған жазушылардың бірі. Балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, қиыншылықтарымен өткен. Сондай өмірінің алтын арқауы – «Қоңыр күз еді» повесі. Сондай бір зұлмат балалық шақты осы бір алғашқы повесі арқылы астарлап ашады. Бұл повестің басты кейіпкері – Қасым. Шығарманың негізгі идеясы соғыстан кейінгі балалардың өмірін, қиыншылығын суреттеу. Автор шығармада балалық шақтағы қуанышы мен қайғысын шебер жеткізе білген. Повестің «Қоңыр күз еді» деп аталуының өзі тегін емес. Адамдардың санасында күз, әсіресе, қоңыр күз деген сөздер сағыныштың белгісі іспетті, сағыныш сезімі кернеп, күздің лебі соны сездіргендей.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги