«Балаларға арналған қызықты әңгімелер»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2021 жылды Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады.

Балалар жазушысы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Баянғали Әлімжановтың айтуынша, балаларды көркемсөз арқылы ойлауға, ойнап жүріп ойлауға үйретуіміз керек. «Балаларға кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды кішкентайынан бастаған дұрыс. Оларға жөн сілтеп, бағыт берсек, өздері алып кетеді. Қазақ балалар әдебиеті бай әдебиет, адамгершілігі мол. Осының ішінен қайсын оқыту керек?»

С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапхана қызметкерлері өз тарапынан балаларға Мұхафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Бақыт Мұстафиннің шығармаларын оқуға ұсыныс береді.

Сонымен қатар тағы да бір солтүстікқазақстандық жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың есімін атап өтпеуге мүмкін емес. Бүгінде жазушының шығармалары жеке кітаппен басылып, балаларға ұсынылып отыр. Ал осы шығармалар өмірге қалай келді, жазуға не себептер болды жайында бүгінгі тікелей эфирдің қонағы ақын Марал Оспанова әңгімелейді.


#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы