«Қазақтың ұлттық тағамдары»

2021 жылдың 9 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді.
Кітапхананың қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Майра Әшімова «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Қазақ халқының ұннан, дәнді дақылдардан, сүттен, еттен жасалатын тағамдарына жан-жақты тоқталды. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен қазақ халқының тағамдарының басқа ұлттар тағамдарынан өзгеше екенін баса айтты. Қазақ халқының етті тұздау, қақтау, сүрлеу, ыстау, ішекке тығу тәсілдері туралы, қазақ ғұрпында сыйлы қонаққа табақ тартудың ерекшеліктері туралы баяндады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #ҚазақтыңҰлттықТағамдары