«Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас дара тұлға». Ақын, жазушы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 105 жыл

Бүгін кітапханада ақын, жазушы, аудармашы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас дара тұлға» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфирде Ю.Гагарин атындағы №14 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ілиясова Тәттігүл Маралқызы қатысып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Жазушының «Қара қобыз», «Махаббат күйігі», «Қараой» атты туындыларына тоқталып, бұл шығармалардың тақырыбына, идеясына талдау жасады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги