«Қасірет пен тағдыр» – елдің шері мен қайғысы». Жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу

29 тамыз — Семей ядролық полигонының жабылған күні.

Бүгін ZOOM платформасында ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Семей полигоны мен ядролық полигонның зардабын тартқан Семей өңірі тұрғындарының қасіреті суреттелетін «Қасірет пен тағдыр» кітабының авторы Сәуле Досжанмен онлайн кездесу өтті. «Қасірет пен тағдыр» кітабы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 жылдыққа – 30 кітап» акциясына проза жанрынан енген таңдаулы шығармалардың бірі.

Шараға белгілі журналист, жазушы Ж.Самрат, «Семей полигоны СҚО» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Р.Жүсіпов және жас ақын Самрат Құскенов қатысты. Қашықтан облыстың аудандық, ауылдық кітапханалары қосылды. Кездесу барысында Сәуле Досжан полигон тақырыбына шығарма жазуға не түрткі болғанына тоқталып өтті. Семей сынақ полигонының жабылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атқарған рөлін баса айтты. «Қасірет пен тағдыр» дилогиясының екінші кітабы «Үзілмеген үміт» кітабы туралы айтып өтті. Жақсыбай Самрат жазушымен жақсы таныс екенін айта келіп, авторға шығармашылық табыс тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді. «Семей полигоны СҚО» ҚБ мүшесі Р.Жүсіпов әскер қатарында жүргенде полигонға тап болып, басынан кешкендерімен бөлісті.

Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген Семей полигонының жабылғанына биыл 30 жыл. Ұрпақ Семей полигонының қасіретін білуге тиіс. Сәуле Мағазбекқызы романына осы тұрғыдан қарайтын болсақ, қазақ прозасына өз тақырыбымен, өз кейіпкерімен келген талантты жазушы. «Қасірет пен тағдыр» нағыз оқылатын кітап деп ойлаймыз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы