Қайырымдылық күні. «Мейірбандық — кісіліктің үлгісі». «Аяла» қарттар үйіне бару

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы бойынша, 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күні қайырымдылық, мейірімділік және тату көршілікті насихаттау ұсынылады. Осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана бүгін «Аяла» қарттар үйінің тұрғындарын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап барды. Қарттарға сыйға кітаптар мен тәттілер сыйлап, қамкөңіл жандардың көңілдерін аулап қайтты. Олар да кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып, игі тілектерін білдірді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги