«Айбын» По страницам военной энциклопедии

«Айбын» әскери энциклопедиясы тұңғыш рет қолға алынып отырған ел тарихындағы елеулі оқиға, әскери ғылым саласындағы ана тіліміздегі алғашқы басылым.
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында және 2006-2009 жылдарға негізделіп қабылданған әскери концепцияда мазмұндалғандай, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік идеясының басты бағыттарының бірі – барлық қазақстандықтарды, оның ішінде жауынгерлер мен жастарды ержүректік, батырлық, қайсарлық пен патриотизм, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу. Бұл энциклопедияны шығару идеясы мен мақсат-мүддесі де осы бағыт-бағдардан туындап отыр.
Энциклопедияның мазмұнын қазақ халқының тәуелсіздік, бостандық жолында қалдырған атақоңысымызды жаулаушыларға қарсы көтерілісінде белгілі із қалдырған хандар мен батырлардың өмірдеректері, олардың дәстүрлі жауынгерлік өнер, ұрыс жүргізу тактикасы мен стратегиясы байыта түсті.
Атақты көтерілістер, жауынгерлер, батырлар, бүгінгі күннің әскери қайраткерлері жайында да осы энциклопедия арқылы таныса аласыздар.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #АйбынПоСтраницамВоеннойЭнциклопедии