Монографияда сал-серілер поэзиясының қалыптасуы, дамуы, ерекшеліктеріне қатысты зерттеулер бойынша ой-тұжырымдар сараланады.
Арқалық әнші-ақындар шығармашылығындағы сал-серілік поэзияға тән синкретті синтетикалық өнердің көрінісі, дәстүрлі жалғастығы айқындалады.
Молдақмет Тырбиұлы, Игібай Әлібаев, Мұса Асайыновтың шығармашылығы бойывнша материалдар басшылыққа алынып, ақын мұраларына тән идеялық-тақырыптық көркемдік ерекшеліктері талданылады. Солтүстік Қазақстан өніріндегі ақындық дәстүр сабақтастығы мәселесіне назар аударылады.
Монография жоғары оқу орыны оқытушылары мен магистранттарына, студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ әдебиет сүйер қауымға арналады.