Қадыров Ж. Т. Сал-серілер поэзиясының солтүстік аймақтағы дәстүрі

Автор: Қадыров, Жанбай Тұрарұлы
Описание: Қадыров, Ж. Т. Сал-серілер поэзиясының солтүстік аймақтағы дәстүрі [Мәтің] : моногр. / Ж. Т. Қадыров, ҚР Білім және ғылым министрлігі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ. – Петропавл : [М. Қозыбаев атындағы СҚМУ], 2015. - 188 б. : схем. – 1 000 дана. – ISBN 978-601-272-835-4.
Аннотация: Сал-серілер поэзиясының көрнекті өкілдері – Сегіз сері, Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақын сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Шөже, Арыстанбай, Орынбай т.б. қасиетті, киелі әншілік, ақындық өнердің жалғастырса, олардың өнерпаздық ерекшеліктері мен жолдарының негізінде шығармашылық мектептер де қалыптасқан. Соңынан ерген шәкірттері мен олардың туындыларын таратушылары да болған. Олар: Молдахмет Тырбиев, Игібай Әлібаев, Мұса Асайыновжәне тағы басқалары.

Монографияда сал-серілер поэзиясының қалыптасуы, дамуы, ерекшеліктеріне қатысты зерттеулер бойынша ой-тұжырымдар сараланады.

Арқалық әнші-ақындар шығармашылығындағы сал-серілік поэзияға тән синкретті синтетикалық өнердің көрінісі, дәстүрлі жалғастығы айқындалады.

Молдақмет Тырбиұлы, Игібай Әлібаев, Мұса Асайыновтың шығармашылығы бойывнша материалдар басшылыққа алынып, ақын мұраларына тән идеялық-тақырыптық көркемдік ерекшеліктері талданылады. Солтүстік Қазақстан өніріндегі ақындық дәстүр сабақтастығы мәселесіне назар аударылады.

Монография жоғары оқу орыны оқытушылары мен магистранттарына, студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ әдебиет сүйер қауымға арналады.

Даритель: Автордан