«Абайдың қара сөздерін қайта оқып шығу»

Бүгін біздің кітапханамызда «Абайдың қара сөздерін қайта оқып шығу» тікелей эфир өтті. Қазақ халқының классик ақыны Абайдың қарасөздері – әлі күнге терең зерттелмеген, әдебиет тарихы үшін де, қазақ ұлтының өркениетті ел атануы үшін де көкейкесті мәселелерді қозғайтын маңызды тақырып. Абайдың қарасөздері қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-сонды болмаған, ерекшелігі мол, Абай мұрасының көлемді саласы.