Абай орталығына онлайн-экскурс

С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапхананың Абай орталығына онлайн-экскурс өтті. Орталықты таныстыру барысында «Әлем мойындаған Абай» атты кітап көрмесі, кітапхананың алтын қорынан алынған сирек кездесетін 30-шы, 40-шы, 50-ші, 60-шы жылдар аралығында шыққан Абайдың кітаптар топтамасы, архивтік құжаттар, Абайдың Қара сөздерінің аудионұсқасын тыңдауға мүмкіндік беретін арнайы құрал және т.б материалдар туралы ақпарат ұсынылды.