1954 жылы Алматы қаласында Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасынан шыққан ақынның шығармалары толық жинағының 2-ші томына Абайдың өлеңдері, аудармалары мен Қара сөздері кірген. Ақынның шығармалары кітапта хронология бойынша орналастырылған: 1896 – 1903 жылдары шыққан өлеңдерді қамтиды. Сонымен қатар кітаптан шыққан жылы анық емес өлеңдерді де табуға болады. Мұхтар Әуезовтің «Қазақ халқының ұлы ақыны» атты терең талдау сөзінен оқырман Абайдың шығармашылығы жайлы жан-жақты мәлімет алады.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. Абай