Кітап 1954 жылы Алматы қаласында Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасынан шыққан. 2-ші томға Абайдың өлеңдері, аудармалары мен Қара сөздері кірген. Кітап Абайдың 1896 – 1903 жылдары шыққан және шыққан жылы анық емес өлеңдерін қамтиды. Мұхтар Әуезовтің «Қазақ халқының ұлы ақыны» атты терең талдау сөзінен оқырман Абайдың шығармашылығы жайлы жан-жақты мәлімет алады. Кітап өлеңдердің алфавиттік көрсеткішімен жабдықталған.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. Абай