Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. 2 том.

Кітап 1954 жылы Алматы қаласында Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасынан шыққан. 2-ші томға Абайдың өлеңдері, аудармалары мен Қара сөздері кірген. Кітап Абайдың 1896 – 1903  жылдары шыққан және шыққан жылы анық емес өлеңдерін қамтиды. Мұхтар Әуезовтің «Қазақ халқының ұлы ақыны» атты терең талдау сөзінен оқырман Абайдың шығармашылығы жайлы жан-жақты мәлімет алады. Кітап өлеңдердің алфавиттік көрсеткішімен жабдықталған.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.                                                                  Абай