Кітап Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан 1945 жылы шыққан. 1940 жылы осы баспадан Абайдың 100-ге жуық өлеңдері мен 3 поэмасы кірген «Лирика и поэмы» кітабі толықтырылып шықты деуге болады.Бұл кітапқа орыс тіліне орыс ақындары аударған ақынның 150-ге жуық өлеңдері, 3 поэмасы, афоризмдері кірген. Кітап редакциясын басқарып, редакция атынан алғы сөзін жазған танымал орыс кеңес жазушысы Леонид Соболев. Мұхтар Әуезовтің көлемді кіріспе сөзінен оқырман Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет алады.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қыйыннан қыйыстырар ер данасы;
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Абай