Ақпарат сағаты «Қызықты ғылымдар әлемінде»

Қазақстанда шығатын ғылыми-көпшілік басылымның ең алғашқыларының бірі – ай сайын шыққан «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналы болды. Кейін республикада әр түрлі ғылым салалары бойынша шығатын салалық, сонымен қатар ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық, ғылым-педагогикалық журналдар саны көбейді.
Солардың ішінде атап айтсақ: «Отан тарихы» 1998 жылдан шығып келе жатқан ғылыми журнал; қазіргі таңда журнал саясат, тарих, философия, экономика, мәдениет, филология саласындағы қоғам дамуының өзекті мәселелерін көтеретін «Ақиқат» журналы; 2016 жылдан қазақ тілінде жарық көрген басылым «National Geographic Qazaqstan».
Мұғалімдерге да арналған басылымдарды айта етсек: «Қазақстан мектебі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұлағат» және т.б.
Құрметті оқырмандар! Осы және тағы да басқа ғылыми басылымдармен танысуға шақырамыз!
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги #АқпаратСағатыҚызықтығылымдарәлемінде