Іс-шараның модераторы дін істері басқармасының басшысы Р.И.Қасенова болды. Кездесу барысында Президент
кеңесшісі М. Н. Отарбаев қатысушылармен өзекті мәселелерді, оның ішінде өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеуді, зерделеу және әртүрлі пәндерді оқыту арқылы мәдениетті тәрбиелеуді талқылады. Сондай-ақ, іс-шарада «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы Әділбеков Хамзат сөз сөйлеп, кездесуге қатысушыларды ҚМДБ Солтүстік Қазақстан филиалының 2022 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.