Президент кеңесшісінің діни қызметкерлермен кездесуі

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М. Н. Отарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавл қаласы мен аудандарының бас имамдарымен С. Мұқанов ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның модераторы дін істері басқармасының басшысы Р.И.Қасенова болды. Кездесу барысында Президент кеңесшісі М. Н. Отарбаев қатысушылармен өзекті мәселелерді, оның ішінде өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеуді, зерделеу және әртүрлі пәндерді оқыту арқылы мәдениетті тәрбиелеуді талқылады. Сондай-ақ, іс-шарада «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы Әділбеков Хамзат сөз сөйлеп, кездесуге қатысушыларды ҚМДБ Солтүстік Қазақстан филиалының 2022 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.
Президенттің кеңесшісі М. Н.Отарбаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстары үшін діни қызметкерлерге алғысын білдірді.